2013-04-05

Призма және оған байланысты есептер

Призма деп екі параллель жазықтықта табандары жататын бүйір жақтары параллелограмм болатын көп жақты айтамыз.
Призма табандары көп жақ болып келеді де,осы жақтарына сәйкес аталады.Мысалы: табаны үшбұрыш болса,үшбұрышты призма,ал алты бұрыш болса,алты қырлы призма дегендей.










Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призманы тік призма деп,ал бүйір қырлары табанына көлбеу болса,көлбеу призма деп аталады.
Егер тік призманың табандары дұрыс көп бұрыштар болса,онда ол дұрыс призма деп аталады.
Тік призманцң бүйір беті:
Тік призманың бүйір беті (бүйір бетінің ауданы) табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең болады: S=pһ
Мұндағы: S-Призманың бүйір беті, p-призманың табанының периметрі,  һ-призманың биіктігі
Призманың толық беті:
Призманың толық беті (толық бетінің ауданы) бүйір бетімен табандары аудандарының қосындысына тең болады. S=ph+2Sт    Мұндағы: ph-призманың бүйір беті, 2Sт-  призманың табан аудандары (астынғы және үстіңгі табандары)
Призманың көлемі:Кез келген призманың көлемі оның табан ауданын биіктігіне көбейткенге тең болады. V=SH  Мұндағы: V-призма көлемі,S-призманың табанының ауданы,H-призманың биіктігі.
Есептер:
Есеп 1.Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және табан жазықтығына 30 градус бұрыш жасай көлбеген.Призманың биіктігін табыңдар.(А.В.Погорелевтің геометрия оқулығынан)













Есеп 2.Төрт бұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 кв.см,ал биіктігі 14 см.Призма диагоналын тап.
(А.В.Погорелевтің геометрия оқулығынан)














Есеп 3. Дұрыс төртбұрыш призманың диагоналы 2см және табанына 30 градус бұрыш жасайды. Призманың толық бетінің ауданын тап.
(Математикийн сорилго кітабынан)




















                                                                   Есеп 4. Дұрыс дөрт бұрыш призманың диагоналы

- ке тең де,бүйір бетіне 30 градус  бұрыш жасайды.Призманың көлемін тап.
(Математик ба Физикийн тест кітабынан)

14 комментариев:

  1. спасибо вам очень помогла чтобы обьяснить ученикам

    ОтветитьУдалить
  2. Дұрыс үшбұрышты призманың табан қыры 5м,ол биіктігі 6м.Призманыңтолық бетінің ауданын тап?

    ОтветитьУдалить
  3. өте қатты көмектесті , рахмет !!!!!

    ОтветитьУдалить
  4. Use this diet hack to drop 2 lb of fat in just 8 hours

    Well over 160k women and men are trying a easy and secret "water hack" to drop 1-2lbs each night in their sleep.

    It's simple and it works with everybody.

    You can do it yourself by following these easy steps:

    1) Go get a drinking glass and fill it up half full

    2) Then do this amazing hack

    you'll be 1-2lbs thinner the next day!

    ОтветитьУдалить
  5. Тіктөртбұрышты дұрыс призманың табан қабырғасы 3см,ал бүйір жағынын диогоналы 5см. Призманың бүйір бетінің ауданы мен көлемін есептеңдер

    ОтветитьУдалить
  6. Пирамиданың табаны –ромб, оның сүйір бұрышы 60 0 ,қабырғасы 14 см.
    Пирамида табанындағы екі жақты бұрыштары 45 0 -тан. Пирамиданың көлемі
    неге тең?

    ОтветитьУдалить
  7. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналы табаны жазықтығына 60грдус көлбей орналасқан. Төменгі табанының қарама-қарсы қыры арқылы өтетін қиманың ауданын табыңыз, егер табан диагоналы 4түбір асты 2см тең болса.

    ОтветитьУдалить
  8. Дұрыс алтыбұрышты призманың ең үлкен диагоналі 8 см және бүйір қырымен 30 градус бұрыш жасайды. Призманың көлемін табыңыз.

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Үшбұрышты призманың бүйір қырларының арақашықтықтары 37см, 13см ,30см, бүйір бетінің ауданы 480〖см〗^2 Призманың көлемін табыңдар

      Удалить
  9. Үшбұрышты призманың бүйір қырларының арақашықтықтары 37см, 13см ,30см, бүйір бетінің ауданы 480〖см〗^2 Призманың көлемін табыңдар

    ОтветитьУдалить